Достық үйiнде «Qazaqtaný» жобасы аясында «Поле чудес» ойыны өттi

«Qazaqtaný» жобасы аясында «Qazaq time» бағыты жүзеге асырылуда, ол стандартты емес, интерактивтi әдiстердi қолдану арқылы қазақ тiлiн үйренудi бiлдiредi. Айта кетсек, қазақ тiлiн үйренгiсi келетiндер үшiн бiрегей жоба «Мәмiле» жобасы болып табылады, оның аясында автор Қанат Тасыбековтың ситуативтi қазақ тiлi әдiстемесi бойынша сабақтар өткiзiледi.

Солтүстiк Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жастарды мемлекеттiк тiлдi үйренуге тарту мақсатында «Поле чудес» ойынын өткiздi.

Барлығы нағыз ойын секiлдi болды — барабан, жүргiзушi, үш ойыншы, жақсы сыйлықтар. Қатысушылар қазақ тiлiмен қоса, қазақ халқының материалдық мәдениетiн бiлудегi қабiлеттерiн танытты, өйткенi ойын тақырыбы қазақ ұлттық киiмiнiң элементтерi болды.

Iс-шараға облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жастар қанатының мүшелерi қатысып, поляк, татар, орыс, белорус, армян, әзiрбайжан этностарын таныстырды. Атап өтсек, атақты ойынға қатысуға ниет бiлдiргендер көп болып шықты. Ең жас қатысушылар 14 жасқа толған. «Мен «Поле чудес» ойынын ешқашан көрген емеспiн, бiрақ маған iс-шараның осындай форматы қызықты болып көрiндi. Ендi мен қазақтың ұлттық киiмiне қатысты көптеген жаңа сөздердi бiлдiм», — дейдi «Кентрон» армян мәдениетi орталығының» белсендiсi Элен Акобян.

Қатысушылар арасында өткен жылы «Ғажайыптар алаңына» қатысқандар да болды. «Бұл ойында достық атмосфера мен өте қызықты да танымды сұрақтардың болғаны есiмде қалды. Сондықтан мен қатысуға шешiм қабылдадым», — деп, әзiрбайжан мәдени орталығы жастар қанатының көшбасшысы Шахнияр Аллахярова өз ойымен бөлiстi.

Ойын барысында төрт кезең бойы қатысушылар қазақтың ұлттық әйелдер және ерлер киiмi элементтерiнiң, бас киiмдердiң, аяқ киiмдердiң және әшекейлердiң атауларын тапты.

Ойын қорытындысы бойынша «Дуслык» Солтүстiк Қазақстан облыстық татар-башқұрт орталығы» қоғамдық бiрлестiгi жастар қанатының көшбасшысы Вадим Сарсенбаев жеңiмпаз атанды.

01.10.2020
Просмотров: 327