Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң iшкi саясат басқармасының басшысы К.Қ. Оспанов құттықтау сөзiн айтты.

2020 жыл ерiктiлердiң қызметi аясында өтуде. Дәл осы жылы мейiрiмдi жандардардың көмегi керек едi. СҚО Қазақстан халқы ассамблеясының негiзiнде карантин енгiзiлгеннен кейiн ерiктiлер штабы құрылды. Штаб 65 жастан асқан өзiн-өзi оқшаулаған азаматтарға, сондай-ақ мүгедектерге көмек көрсету мақсатында құрылды.

Штабта барлығы 60-тан астам ерiктi жұмыс iстедi. Карантин кезiнде штабтың телефонына 1500 астам өтiнiш келiп түстi.

Марапаттау рәсiмiнде ерiктiлер: Наскенов Жабай Алемгерович, Андрощук Элла Леонидовна және Хисматуллина Аделина ҚР Президентiнiң «Халық алғысы» медалiне ие болды.

«Халық алғысы» медалiмен бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қорғау салаларында жемiстi жұмыс iстейтiн, сондай-ақ пандемиямен күресте ерекше көзге түскен Қазақстан Республикасының азаматтары марапатталады.

Медальдi Қазақстан Республикасының Президентi немесе оның атынан салтанатты түрде тапсырады.

Барлық ерiктiлер Қазақстан халқы ассамблеясының алғыс хаттарымен, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды

Ерiктiлер Наскенов Жабай Алемгерович, Андрощук Элла Леонидовна жауап сөзiн айтты.

Iс-шара салтанатты және достық күйде ерiктiлер туралы роликтердi көрумен аяқталды! Шынында биыл олардың рөлi елеулi болды, олар расында «Бiздiң батырларымыз!», жүректерi мейiрiмге толы, әрқашан адамдарға көмектесуге дайын жандар!

12.10.2020
Просмотров: 355